Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 18 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 ақпанда № 6680 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 283 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 22.12.2020 № 283 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      2. "Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е.Д.Ахетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады