"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңөзек кентіндегі:
1) "Ақтам-2" көшесі "Асан Көшербаев" есімімен;
2) "Қызылдихан" тұйық көшесі "Әбіл Таңсықбаев" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
кент әкімі | Н. БИСЕМБАЕВ |