Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 145 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қаңтарда № 6657 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 109 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 02.05.2024 № 109 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. "Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданының әкімі Ә. Оразбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады