"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2019 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының әкімі | Ә. Оразбекұлы |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "3" сәуірдегі №382 қаулысына қосымша |
2019 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан)
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Бестам ауылдық округ бөлімшесі | 11 | 2% | 1 |
2 | "Шиелі ауданының білім бөлімінің А.С.Пушкин атындағы №46 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 140 | 2% | 3 |
3 | "Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 13 | 2% | 1 |
4 | Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Төңкеріс ауылдық округ бөлімшесі | 14 | 2% | 1 |
5 | "Амбулаториялық емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының психиятрия бөлімшесі" коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік мекемесі | 36 | 2% | 1 |
6 | "Талаптан ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 13 | 2% | 1 |
7 | "Шиелі ауданының білім бөлімінің Ғ.Мұхамеджанов атындағы №270 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 91 | 2% | 2 |