Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 1886 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 желтоқсанда № 7021 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қорытындысына сәйкес Шиелі кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі кентінің келесі көшелеріне:

      1) атауы жоқ көшеге "Оразбек Сансызбаев" есімі;

      2) атауы жоқ көшеге "Нұрдин Ноғайбаев" есімі;

      3) атауы жоқ көшеге "Сәлмен Наржігітов" есімі;

      4) атауы жоқ көшеге "Жадыра Таспамбетова" есімі;

      5) атауы жоқ көшеге "Мұсахан Молдабаев" есімі;

      6) атауы жоқ көшеге "Пернеахмет Ерденов" есімі берілсін.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау "Шиелі кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ә.Алдабергеновке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі кентінің әкімі Ғ. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады