Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 2 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қаңтарда № 3814 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы 10 қаңтардағы
  № 2 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2386 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде "Маңғыстау" газетінде жарияланған);

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 254 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2822 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 214 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3131 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады