Ақтау қаласының орталық даңғылына "Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы" атауын беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 47 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 25/311 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 наурызда № 3845 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Ақтау қаласының орталық даңғылына "Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы" атауы берілсін.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Ж. Әбілов) осы бірлескен қаулы және шешім (бұдан әрі – қаулы және шешім) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов
      Сессия төрағасы А. Өрісбаев
      Облыстық мәслихат хатшысының
      өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы А. Қуванов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады