Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгілеу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 171 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 тамызда № 3979 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер белгіленсін.

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д.Т. Құсбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С.Трумов
     

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы 31 шілдедегі
  № 171 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 12.10.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер

Елді мекен

Ақтау қаласы

1.

"Фламинго" жағажайы

Ақтау қаласы

2.

"Балдаурен" жағажайы

Ақтау қаласы

3.

"Алау" жағажайы

Ақтау қаласы

4.

"Манила" жағажайы

Ақтау қаласы

5.

"Нұр пляж" жағажайы

Ақтау қаласы

6.

"Достар" жағажайы

Ақтау қаласы

7.

"GUNA" жағажайы

Ақтау қаласы

8.

"Серебрянные пески" жағажайы

Ақтау қаласы

9.

"Stigl" жағажайы

Ақтау қаласы

10.

"Комарова" жағажайы

Ақтау қаласы

11.

"Монтажник" жағажайы

Ақтау қаласы

12.

"Blue Marine" жағажайы

Ақтау қаласы

13.

"Морячек" жағажайы

Ақтау қаласы

14.

"Золотое солнышко" жағажайы

Ақтау қаласы

15.

"Сансет" жағажайы

Ақтау қаласы

16.

"Tree of live" жағажайы

Ақтау қаласы

17.

"Самал" жағажайы

Ақтау қаласы

18.

"Бриз" жағажайы

Ақтау қаласы

19.

"Лазурный Берег" жағажайы

Ақтау қаласы

20.

"Rixos Water World Aktau" қонақ үйінің жағажайы

Ақтау қаласы

21.

"Aquamarine" жағажайы

Ақтау қаласы

22.

"Tolkyn Plaza" жағажайы

Ақтау қаласы

23.

"Khazar Spa-resort&Apartaments" жағажайы

Ақтау қаласы

24.

"Солдатский" жағажайы

Ақтау қаласы

25.

4а шағын аудандағы "Бриз" яхта клубының оң жағындағы жағажай

Ақтау қаласы

26.

1 шағын аудандағы "Бриз" яхта клубының сол жағындағы жағажай

Ақтау қаласы

Жаңаөзен қаласы

27.

"Кендірлі" жағажайы

Кендірлі ауылы

28.

"Самал" жағажайы

Кендірлі ауылы

Түпқараған ауданы

29.

4-5 кварталдардағы жағажай

Ақшұқыр ауылы

30.

А. Жақауов көшесінің аумағындағы жағажай

Сайын Шапағатов ауылдық округі

31.

Д. Бердібеков көшесінің аумағындағы жағажай

Қызылөзен ауылы

32.

"Аққу" қонақ үйінің аумағындағы жағажай

Форт-Шевченко қаласы

33.

"Шағала" қонақ үйінің жанындағы жағажай

Баутино ауылы

34.

"Caspian Village" жағажайы

Ақшұқыр ауылы

35.

"Caspy life Family resort" жағажайы

Сайын Шапағатов ауылдық округі

Қарақия ауданы

36.

"Ерсай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағындағы жағажай

Құрық ауылы

37.

"Теміртас" жағажайы

Құрық ауылы

38.

"Шағала" жағажайы

Құрық ауылы

39.

"Ритм-Нұр" жағажайы

Құрық ауылы

40.

"Геофизик" жағажайы

Құрық ауылы

41.

"Желкен" жағажайы

Құрық ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады