Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.08.2020 № 37/446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Амбулаториялық емдеу барысында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектерді қосымша тегін ұсыну туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі №18/276 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2489 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы";
1 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.";
тақырыбы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін дәрілік заттар";
реттік нөмірлері 3, 15 жолдар алынып тасталсын;
келесідей мазмұндағы реттік нөмірлері 16 және 17 жолдармен толықтырылсын:
"
16 | Онкологиялық аурулар | Палбоциклиб, капсула |
17 | Буллезды эпидермолиз | Таңғыш 10 см*20 см; майлық 10 см *20 см; бекіткіш, созылғыш таңғыштар 4 м*4 см; 4 м*10 см; 4 м*12 см; өздігінен бекітілетін таңғыш 8 см*20 м; созылғыш түтік тәрізді таңғыш 25 м; мақталы, ерекше жұмсақ, стерильді емес таңғыш 3 м*10 см; ылғалды гигиеналық майлықтар 200 мм*300 мм; мырыш қосылған қорғаныш кремі; қорғағыш спрей-майы; қорғаныш әсері бар көбік (протектор); жуынатын лосьон; тазартқыш көбік; ваннаға арналған көбік; жұмсақ силиконды жабынмен жараға жабуға арналған Safetac пластырь 10 см*18 см; икемді сіңіргіш жұқа төсеме 15 см*15 см; 20 см*50 см; жұмсақ силиконды жабынды пластырь 4 см*1,5 м; бетіне жақпамай "Левомеколь" жағылған тазартылған таңғыш 10 см*10 см; арнайы тамақтану; октенидол, зарарсыздандыратын ерітінді; стерильді жақпамайлы таңғыш 10 см*20 см; жақпамайлы фармацевтикалық препараттар қосылмаған таңғыш 10 см*20 см; октенидин дигидрохлориді, зарарсыздандыратын ерітінді; құрамында цинк оксиді бар гипоаллергенді крем; құрамында күміс сульфотиазолы бар крем; декспантенол 5% крем; декспантенол 5% жақпамай; қышуды азайтатын, денеге арналған, липид қосылған бальзам. |
".
2."Маңғыстау облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Маңғыстау облыстық мәслихатының бюджет пен экономика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту:
аббревиатураларды ажыратып жазу:
м – метр;
мм – миллиметр;
см – сантиметр.
Сессия төрағасы | А. Салманов |
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |