2019 жылға арналған Ақтау қаласының орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 61 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қаңтарда № 3787 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласының орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақтау қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Д. Тулебаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.Көшмағанбетовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Ниязов

  Ақтау қаласы әкімдігінің
  2019 жылғы 14 қаңтары № 61
  қаулысына қосымша

Ақтау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы (орындар саны)

Бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге)

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

1

425

16703

21253

24557


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады