Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Акбердиев) қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т. Жумалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Танаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә. Дауылбаев |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2019 жылғы "15" наурыздағы | |
№111 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
|
|
|
| |||||
Балабақша (мемлекеттік) | Мектеп жанындағы толық күндік шағын- орталық (мемлекеттік) | Дербес толық күндік шағын-орталық (жеке меншік) |
| Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталық (мемле кеттік) | Дербес толық күндік шағын-орталық (жеке меншік) | |||
3 жасқа дейін | 3 жастан 7 жасқа дейін |
| 3 жастан 7 жасқа дейін | |||||
1 | қала | 27584 | 26953 | 27584 | 10230 | 12300 | 12300 | 12300 |
2 | ауылдық жерлер | 30251 | - | 30251 | 10230 | - | 12300 | 12300 |