2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 11 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 3823 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "Түпқараған аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Утесбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т.Алтынгалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Хамиев

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы "8" ақпан
  №11 қаулысына қосымша

Түпқараған ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы бір айға арналған ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Балабақша /мемлекеттік /

Балабақша /жекеменшік/

Дербес толық күн болатын шағын орталық /жекеменшік/

3 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

қала

село

қала

село

қала

село

қала

село

1

560

810

0

590

0

193

10 161,02

12 307,87

27 502,00

30 150,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады