Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 8 шілдедегі №17 "Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 42 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 3864 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23 бабына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 8 шілдедегі №17 "Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2776 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымша, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №5 "Түпқараған ауданы әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы №18 "Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2644 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23 бабының талаптары сақтала отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелері туралы сайлаушылар хабардар етілсін.

      4. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Кенжалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.

      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Хамиев

  Түпқараған ауданы әкімінің
  "__"_________2019 жылғы
  №___ шешіміне қосымша
  Түпқараған ауданы әкімінің
  "8" шілде 2015 жылғы
  №17 шешіміне қосымша

Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелері

№ 227 сайлау учаскесі

      Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Досан Тәжіұлы көшесі №9 "Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 (72938) 22367

      Шекарасы: Форт-Шевченко қаласы, Досан Тәжіұлы, Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы, Қабиболла Сыдиықов, Ибаш Жанболатова, Жазмағанбет Қызылбаев, Тобанияз Әлниязұлы, Бимембет Маяұлы, Нығмет Шымыров, Хиту Бекжанов, Нұрсұлтан Оңғалбаев, Иса Тіленбайұлы, Төлесін Әлиев, Мақаш Бектұрғанов, Сүйінғара Үргенішбайұлы, Абай, Мырзағали Әлібаев, Мұрын Жырау, Есбол Өмірбаев, Жамбыл, Астана, Ұлан Елубаев көшелерінің үйлері, сонымен қатар Жаңа Кетік шағын ауданы 5, 6 орамдарына кіретін тұрғын үйлер.

№ 228 сайлау учаскесі

      Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Маршал Әбдіхалықов көшесі № 51, "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 (72938) 22252

      Шекарасы: Форт-Шевченко қаласы, Жалау Мыңбаев, Маршал Әбдіхалықов, Шайхы Еркеғұлов, Сатанғұл Тәжиев, Естөре Оразақов, Келімберді Өтебаев, Ермек Даулетова, Дүйіш Тобышбаев, Ораз Бозахаров, Байбоз Қилыбайұлы, Сауытбай Масатов, Тілеумұрат Қожабеков, Мұстахи Бимағанбетов, Икембай Өтепбергенов, Қосай Қаниұлы, Тұрсын Қожықов, Дүйімбай Тарғынұлы, Орынбай Аймағамбетұлы, Махмұт Батыршев көшелерінің үйлері, сонымен қатар Жаңа Кетік шағын ауданы 1, 2а, 3, 4 орамдарына кіретін тұрғын үйлер.

№229 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, 8 Наурыз көшесі №25, "Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 (72938) 24575

      Шекарасы : Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы, Жәнібек Матаев, 8 Наурыз, Виталий Водовской, Сәттіғұл Жанғабылов, Қалмырза Берішбаев, Захар Дубский, Жаңа құрылыс, Диханбек Сатимов, Қылыш Нәдірбаев, Құлмырза Саудабаев, Ізтұрған Оразбаев, Абай Қошақбаев көшелерінің үйлері.

№ 230 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылының Аташ елді мекені, Әліби Жанкелдин көшесі №27, "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің "Аташ кітапханасы" бөлімшесі, телефон/факс: 8 (72938) 24971

      Шекарасы: Баутин ауылы Аташ елді мекені, Аманкелді Иманов, Мұрат Өскінбаев, Әліби Жанкелдин, Ақшабай Көпешов, Зауыт, Баялы Ақсамбаев көшелерінің үйлері.

№231 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисембаев көшесі №2, Түпқараған ауданы әкімдігінің "Қызылөзен мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны, телефон/ факс: 8 (72938) 23851

      Шекарасы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев, Ізтұрған Нысанбаев, Дүйсе Бердібеков, Жаңа ауыл, Шамшырақ; Шарай көшелерінің үйлері, сонымен қатар Қызылөзен ауылы және "Қарағантүбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруа қожалықтары.

№232 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева көшесі №5 Түпқараған ауданы әкімдігінің "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны, телефон/ факс: 8 (72938) 23249

      Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Ақжол, Өмірзақ Нұрбаев, Балсұлу Сахиева, Үштерек, Әлқуат Қожабергенов, Қартбай Бекжанов, Ұзақбай Есқожаев, Жалау Қазиев, Тәжіғұл Кезбаев, Маңғыбай Түйешиев көшелерінің үйлері, сонымен қатар 4 орамға кіретін тұрғын үйлер.

№233 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі №81, " Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 (72938) 31269

      Шекарасы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Найзабек Есетов, Ақназар Жақауов, Тасқынбай Шахатов, Сәйдім Тумышев, Бисембай Мейров, Алтынмұрат Бекенжанов, Жолыбай Шахшабасов, Мақаш Елубаев, Бердіхан Қарайшықов, Бозжігітов Бақыт көшелерінің үйлері, сонымен қатар 1, 2, 4, 5, 6 орамдарына кіретін тұрғын үйлері, Сайын Шапағатов ауылдық округінің және "Жайлау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері және жеке шаруашылық қожалықтары.

№234 сайлау учаскесі

      Орталығы: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесі №41, "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық казыналақ кәсіпорны, телефон/ факс: 8 (72938) 44232

      Шекарасы: Таушық ауылы, Сисен Әбдірахманов, Ардагерлер, Төлеген Қағазов, Абыл Тілеуұлы, Хамидолла Елмұханбетов, Құлшық Жұбайұлы, Түмен Балтабасұлы, Кетебай Қиынов, Мөріш Тышқамбаева көшелерінің үйлері, Нұрбаулы Тұмсық шағын ауданының үйлері, сонымен қатар 1, 2, 3, 4 орамдарына кіретін тұрғын үйлері, Таушық ауылының және "Таушық ауыл шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.

№235 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, Мұнайшы көшесі №11, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2201 "Б" әскери бөлімі Республикалық мемлекеттік мекемесінің қызыл бұрышы, телефон/ факс: 8 (72938) 24796

      Шекарасы: Баутин ауылы, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2201 "Б" әскери бөлімі Республикалық мемлекеттік мекемесі; Форт- Шевченко қаласындағы №51809 "д" және №2018 әскери бөлімдері.

№236 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қаражанбас вахталық поселкесі, "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының мәдени-демалыс орталығының қызыл бұрышы, телефон/ факс: 8 (72938) 473613

      Шекарасы: Қаражанбас вахталық поселкесінде орналасқан "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының және өзге де кәсіпорындардың жатақханалары.

№237 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Балсұлу Сахиева көшесі №350, "Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі, телефон/ факс: 8 (72938) 23245

      Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева, Ғұбайдолла Айдаров, Бүркітбай Сәрсенов, Жаңа Қоныс, Есболай Аманов, Ысқақ Шакратов, Батырқожа Есбосынов көшелерінің үйлері, сонымен қатар 1 орамға кіретін және Бегей жеріндегі тұрғын үйлер.

№238 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бозашы вахталық поселкесі, "Тренинг центр" ғимараты, телефон/ факс: 8 (72938) 529079

      Шекарасы: Бозашы вахталық поселкесінің және өзге де Солтүстік Бозашыда орналасқан кәсіпорындар жатақханалары.

№239 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Әдек Жанашев көшесі №49, Түпқараған ауданы әкімдігі Түпқараған аудандық білім бөлімінің "Ақшұқыр мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі, телефон/ факс: 8 (72938) 50177

      Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Сұлтанбай Наубетов, Бекбосын Қадырұлы, Жүсіп Дүйсенбаев, Дүйіш Досаев, Борсақбай Әбілхайыров, Әдек Жанашев көшелерінің үйлері, сонымен қатар 2 және 5 орамдарына кіретін тұрғын үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады