Карантинді алып тастау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 92 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 маусымда № 3928 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 7 маусымдағы № 10-18-119 ұсынысының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағантубек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүйізді ұсақ малдарының арасынан "Шешек" ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілгеніне байланысты Түпқараған ауданының "Сұршоқы" қыстағының аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.

      2. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 55 "Карантин белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3877 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      3. "Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д. Утебалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Қайнарбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі А. Хамиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады