Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 14.06.2019 № 92(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 10-18-79 ұсынысының негізінде Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Қарағантубек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүйізді ұсақ малдары арасынан "Шешек" ауруының пайда болуына байланысты Түпқараған ауданының "Сұршоқы" қыстағының аумағына карантин белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. "Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д. Утебалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Хамиев |