Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 04.11.2021 № 8/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына және 20-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. "Түпқараған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 6/47 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3197 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Э.Кельбетова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы К.Озгамбаев) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К.Озгамбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А.Досанова |
Түпқараған аудандық мәслихатының | |
2019 жылғы 19 қарашадағы | |
№ 35/282 шешіміне қосымша |
Түпқараған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
№ | Объектінің атауы | Есептік бірлік | Құны, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) |
1. | Жинауға және әкетуге арналған тариф | ||
1.1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | айына 1 адамға | 97,55 |
2. | Көмуге арналған тариф | ||
2.1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | айына 1 адамға | 77,39 |
Ескерту:
ҚҚС – қосылған құн салығы.