Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 1 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 357 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қаңтарда № 8243 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қайта құрылсын:

      Новоалексеев ауылдық округі Алтынсарин ауданының Новоалексеев ауылы болып;

      Тобыл ауылдық округі Денисов ауданының Глебовка ауылы болып;

      Комаров ауылдық округі Денисов ауданының Комаров ауылы болып;

      Есенкөл ауылдық округі Қарабалық ауданының Лесное ауылы болып;

      Лесной ауылдық округі Сарыкөл ауданының Большие Дубравы ауылы болып;

      Тимирязев ауылдық округі Сарыкөл ауданының Тимирязев ауылы болып;

      Чехов ауылдық округі Сарыкөл ауданының Урожайное ауылы болып;

      Чапаев ауылдық округі Ұзынкөл ауданының Речное ауылы болып;

      Шишкин ауылдық округі Қостанай ауданының Шишкинское ауылы және Суриковка ауылы болып.

      2. Құрылсын:

      құрамында Қамысты ауданының Алтынсарин ауылы және Свободное ауылы бар Қамысты ауданының Алтынсарин ауылдық округі болып;

      құрамында Қарасу ауданының Қойбағар ауылы және Амангелді ауылы бар Қарасу ауданының Қойбағар ауылдық округі болып;

      құрамында Қостанай ауданының Озерное ауылы, Шишкинское ауылы және Суриковка ауылы бар Қостанай ауданының Озерный ауылдық округі болып.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады