Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 407 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 маусымда № 8544 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 09.10.2020 № 543 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде айқындалсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Дощанова
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

  Мәслихаттың
2019 жылғы 14 маусымдағы
№ 407 шешіміне қосымша

Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары

      1. Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

      2. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге жұмысқа уәкілетті орган жіберген және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – жұмыс беруші) еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі, тиісті маман сертификаты бар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне төленеді.

      3. Уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:

      1) жыл сайын ауылдық жерлер үшін мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларының сұранысына талдау жүргізеді;

      2) медицина және фармацевтика қызметкерлерінен өтініштер және олардың біліктілігін растайтын құжаттар қабылдайды, әлеуметтік қолдауға өтініш білдірген қызметкерлердің тізімін жасайды.

      4. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлерімен (бұдан әрі – қызметкер) еңбек шартын жасасады.

      5. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілген қызметкерлерге бір жолғы көмек болып табылады және еңбек шартын жасасқаннан кейін, қызметкердің жеке шотына аудару жолымен төленеді.

      6. Қызметкерді өндірістік қажеттілікке байланысты Қостанай облысының шегінде, сондай-ақ ауылдық жерде орналасқан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бір медициналық ұйымнан басқа ұйымға ауыстырған жағдайда, қызметкерге берілген әлеуметтік қолдау сақталады.

      7. Қызметкермен еңбек шарты бұзылған жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

      8. Еңбек қатынастары мерзімінен ерте бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады