Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 406 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 маусымда № 8553 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін:

      1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес ағаш шырындарын дайындау үшін;

      2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жанама орман пайдалану үшін;

      3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін;

      4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттағы мақсаттар үшін, ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

  Мәслихаттың
2019 жылғы 14 маусымдағы
№ 406 шешіміне 1-қосымша

Ағаш шырындарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері

Орманды пайдалану түрлері

Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемесі (теңге)

Ағаш шырындарын дайындау (қайың шырыны)

гектар

1942

  Мәслихаттың
2019 жылғы 14 маусымдағы
№ 406 шешіміне 2-қосымша

Жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

Орманды пайдалану түрлері

Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемесі (теңге)

Шөп шабу, оның ішінде шабындық жерлердің сапалы жай-күйінің топтары бойынша:



жақсы

гектар

1863,2

қанағаттанарлық

гектар

1397,4

нашар

гектар

1087

Мал жаю, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының топтары бойынша бір мал басының жайылымы:



Ірі мал: ірі қара мал, жылқы

бір бас

870

Ірі қара малдың төлі

бір бас

435

Есек

бір бас

435

Ешкі

бір бас

761

Қой

бір бас

217

Ара ұялары мен омарта орналастыру

1 омарта үшін

1552,7

  Мәслихаттың
2019 жылғы 14 маусымдағы
№ 406 шешіміне 3-қосымша

Қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері

Ағаш және бұта тұқымдарының атауы

Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Қайың

қабықтар

тонна

0,016

бұтақтар

тонна

0,032

томарлар

тонна

0,008

тамырлар

тонна

0,048

жапырақтар

тонна

0,024

бүршіктер

килограмм

0,016

2.

Қарағай

қабықтар

тонна

0,021

бұтақтар

тонна

0,042

томарлар

тонна

0,011

тамырлар

тонна

0,063

жапырақтар

тонна

0,032

бүршіктер

килограмм

0,021

3.

Көктерек, терек

қабықтар

тонна

0,011

бұтақтар

тонна

0,022

томарлар

тонна

0,01

тамырлар

тонна

0,033

жапырақтар

тонна

0,02

бүршіктер

килограмм

0,011

4.

Сары қарағанның, бұта тектес талдардың, шырғанақтың, жүзгіннің, шеңгелдің және өзге де бұталардың бұтақтары

тонна

0,024

  Мәслихаттың
2019 жылғы 14 маусымдағы
№ 406 шешіміне 4-қосымша

Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттағы мақсаттар үшін, ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалануға төлемақы мөлшерлемелері

Орманды пайдалану түрлері

Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемесі (теңге, айлық есептік көрсеткіш)

Ұзақ мерзімді орман пайдалану

Ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін

гектар

0 теңге

Аңшылық шаруашылығының қажеті үшін

гектар

жылына 1552,7 теңге

Ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін

гектар

жылына 776 теңге

Рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттағы мақсаттар үшін

гектар

жылына 3050 теңге

Қысқа мерзімді орман пайдалану

Ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін

адамнан әрбір болған күн үшін

0,1 айлық есептік көрсеткіші

Рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттағы мақсаттар үшін

адамнан әрбір болған күн үшін

0,1 айлық есептік көрсеткіші


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады