Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 426 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 қыркүйекте № 8656 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай қаласының атауы жоқ көшесіне Дмитрий Герасимовтың есімі берілсін.

      2. Қостанай қаласының Юрий Гагарин көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта аталсын.

      3. Қостанай қаласының Гвардейская көшесі Юрий Гагарин көшесі деп қайта аталсын.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы О. Даниленко
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады