Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 12.06.2020 № 206 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13717 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 қазандағы № 485 қаулысына (2016 жылғы 12 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6696 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормаларында:
реттік нөмірі 78-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
78 | * ЖОЙКЫН МЕГА, 60% с.е. | литр | 1875,0 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 365, 366, 367, 368, 369, 370, 371-жолдармен толықтырылсын:
"
десмедифам, 110 г/л + фенмедифам, 110 г/л | |||
365 | БЕТАРЕН 22, май.к.э. | литр | 4214,0 |
клодинафоп-пропаргил, 150 г/кг + трибенурон-метил, 48 г/кг + флорасулам, 16 г/кг + клоквинтоцет-мексил (антидот), 37,5 г/кг | |||
366 | КОМПОЗИТ, с.ұ. | килограмм | 9400,0 |
имазамокс, 330 г/кг + имазапир, 150 г/кг | |||
367 | ПАЛАДИН УЛЬТРА, с.д.т. | килограмм | 70000,0 |
имазамокс, 700 г/кг | |||
368 | ПАЛАДИН, с.д.т. | килограмм | 160000,0 |
клопиралид, 500 г/кг + амидосульфурон, 250 г/кг | |||
369 | СПИРИТ ФОРТЕ, с.д.т. | килограмм | 27400,0 |
трифлусульфурон-метил, 500 г/кг | |||
370 | КАЗУАР, с.д.т. | килограмм | 120384,0 |
имазапир, 250 г/л | |||
371 | ГРЕЙДЕР, с.г.е. | литр | 12075,0 |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |