2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалына "Тобыл кенті - Әулиекөл ауылы" жоғары қысымды магистральдық газ құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында Әулиекөл ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 188,83 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін
2. "ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалына "Тобыл кенті - Әулиекөл ауылы" жоғары қысымды магистральдық газ құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 178,98 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін
3. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |