"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | К. Ахметов |
Әкімдіктің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 2611 қаулысына қосымша |
2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | квота | |
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | жұмыс орындары ның саны (адам) | |||
1. | "АБЗ плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 271 | 1,8 | 5 |
2. | "Агромашхолдинг KZ" акционерлік қоғамы | 416 | 2,4 | 10 |
3. | "Таза жол АТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 90 | 1,1 | 1 |
Барлығы | 777 | 2,1 | 16 |