Мәслихаттың 2018 жылғы 4 мамырдағы № 172 "Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Обаған ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2019 жылғы 8 қазандағы № 264 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қазанда № 8695 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 288 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 29.01.2020 № 288 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округ үшін 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Обаған ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 4 мамырдағы № 172 шешіміне (2018 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7785 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген регламенттің 4-тармағының 11-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Лингер
      Мәслихат хатшысы Б. Есмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады