Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 68 "Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 71 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 8417 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 231 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 24.11.2020 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисов ауданы әкімдігінің "Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 68 қаулысына (2014 жылғы 12 маусымда аудандық "Наше время" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4692 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      әкімдік қаулысының қосымшасында реттік 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2

Глебовка ауылы

"Глебовка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Центральная көшесі

      ".

      2. "Денисов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Денисов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады