Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 75 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 8803 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022 жылғы 9 маусымдағы № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.06.2022 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Денисов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрайымы К. Амантаева
      Денисов аудандық мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев

  Мәслихаттың
2019 жылғы 31 қазандағы
№ 75 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылы (бұдан әрі - Глебовка ауылы) бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi және Глебовка ауылы тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Глебовка ауылының аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Глебовка ауылының әкімі шақырады.

      Денисов ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Глебовка ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Глебовка ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Глебовка ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Глебовка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Глебовка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Глебовка ауылы тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Денисов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Глебовка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Глебовка ауылы әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2019 жылғы 31 қазандағы
№ 75 шешіміне
1-қосымша

Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Денисов ауданы Глебовка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылының тұрғындары үшін

44

  Мәслихаттың
2019 жылғы 31 қазандағы
№ 75 шешіміне
2-қосымша

Денисов аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Денисов аудандық мәслихатының "Қостанай облысы Денисов ауданы Тобыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 ақпандағы № 30 шешімі (2014 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4558 болып тіркелген).

      2. Денисов аудандық мәслихатының "Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 30 "Қостанай облысы Денисов ауданы Тобыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 19 маусымдағы № 65 шешімі (2015 жылғы 23 шілдеде "Наше время" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5743 болып тіркелген).

      3. Денисов аудандық мәслихатының "Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 30 "Қостанай облысы Денисов ауданы Тобыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы № 136 шешімі (2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7429 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады