2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 55 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 мамырда № 8463 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жангелдин ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жангелдин ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіктің
2019 жылғы "20" мамырдағы
№ 55 қаулысына
қосымша

Жангелдин ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысың мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік- аумақтық орналасуы (елді мекен)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Жангелдин ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы ауылы

Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің "Балбөбек" бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

23327

үш жасқа дейін - 3500

2

Жангелдин ауданы, Торғай ауылы

"Жангелдин ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Балдырған" бөбекжай – балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

24738

үш жасқа дейін - 5250
үш жастан бастап - 6300

3

Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылы

Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің "Күншуақ" бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

34

24254

үш жасқа дейін - 3300
үш жастан бастап - 3500

4

Жангелдин ауданы, Торғай ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Н.Г. Иванов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы мектепке дейінгі толық күндік шағын орталық

20

16949


5

Жангелдин ауданы, Аралбай ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Жангелдин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы мектепке дейінгі толық күндік шағын орталық

25

16949


6

Жангелдин ауданы, Шеген ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Аманкелді атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы мектепке дейінгі толық күндік шағын орталық

25

16949


7

Жангелдин ауданы, Ақшығанақ ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Қаражан Топаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы мектепке дейінгі толық күндік шағын орталық

25

16949


8

Жангелдин ауданы, Сужарған ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Қанапия Қайдосов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы мектепке дейінгі толық күндік шағын орталық

25

16949


9

Жангелдин ауданы, Тәуіш ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Қаратүбек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы мектепке дейінгі толық күндік шағын орталық

20

16949


10

Жангелдин ауданы, Көкалат ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Албарбөгет орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы мектепке дейінгі толық күндік шағын орталық

20

16949



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады