Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 30.12.2019 № 272 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп ауыл үшін 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 17 мамырдағы № 171 шешіміне (2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7833 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
4-тармақтың он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Ордабаев |
Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы | С. Нургазин |