Жітіқара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 70 "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 234 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 қарашада № 8745 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жітіқара ауданы әкімдігінің "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 26 наурыздағы № 70 қаулысына (2019 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданының әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
2019 жылғы __________
№ _____ қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 70 қаулысына
қосымша

2019 жылға арналған Жітіқара ауданының мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Жітіқара қаласы

"Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150

22790

3 жастан бастап 10000

2

Жітіқара қаласы

"Дружба - 97" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

22790

3 жасқа дейін 8000
 
3 жастан бастап 10000

15

35423

3 жасқа дейін 8000
 
3 жастан бастап 10000

3

Жітіқара қаласы

"Юбилейное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

195

22790

3 жасқа дейін 8000
 
3 жастан бастап 10000

4

Жітіқара қаласы

"КМ Бөбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

95

26678

3 жасқа дейін 8000
 
3 жастан бастап 10000

5

Жітіқара қаласы

"Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

190

22790

3 жасқа дейін 8000
 
3 жастан бастап 10000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады