Мәслихаттың 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 157 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 343 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 қарашада № 8756 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 438 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 04.09.2020 № 438 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 157 шешіміне (2013 жылғы 24 қазанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4245 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күніне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жеңіс күні – 9 мамыр мереке күні болып табылады.";

      7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:";

      мемлекеттік тілде 7-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдарға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";

      7-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Е. Колядина
      Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы А. Кабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады