Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 244 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада № 8788 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 218 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 14.10.2021 № 218 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай осы қаулының қосымшасына сәйкес берілсін.

      2. Жітіқара ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" 2017 жылғы 17 шілдедегі № 249 қаулысының (2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7158 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданының әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
2019 жылғы 22 қарашадағы
№ 244 қаулысына
қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 08.01.2021 № 3 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

р/с №

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар

1

Жітіқара қаласы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

2

Аққарға ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аққарға бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

3

Забелов ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Забелов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

4

Құсақан ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қосақан бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

5

Милютин ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Милютин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

6

Мүктікөл ауылдық округі Мүктікөл ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мүктікөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

7

Пригородный ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Пригородный орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

8

Приречный ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Красноармейск негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

9

Степной ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Степная орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

10

Мүктікөл ауылдық округі Тимирязев ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тимирязев негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

11

Тоқтаров ауылдық округі
Тоқтаров ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тоқтаров негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

12

Большевик ауылдық округі Тургенов ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Большевистск негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

13

Чайковский ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Чайковск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

14

Ырсай ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ырсай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады