Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылы әкімінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 8394 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 01-20/115 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданы Милютин ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылының аумағында орналасқан "Шандыколь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 21 маусымдағы № 1 шешімінің (2018 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7915 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімінің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданы Милютин ауылының әкімі В. Гущин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігінің

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитеті Қостанай облысы

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Жітіқара

      аудандық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысының

      міндет атқарушысы

      ____________ Ю. Мокшев

      2019 жылғы 29 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі Ветеринариялық

      бақылау және қадағалау

      комитетінің Жітіқара

      аудандық аумақтық

      инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ Т. Нургазин

      2019 жылғы 29 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жітіқара ауданы

      әкімдігінің ветеринария

      бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ Т. Рамазанов

      2019 жылғы 29 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады