Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречное ауылы әкімінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қаңтарда № 8242 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 16 қазандағы № 01-20/487 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданы Приречный ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречный ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Жітіқара ауданының Приречный ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 21 маусымдағы № 1 шешімінің (2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7923 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жітіқара ауданының Приречный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша келесіні қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімінің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      4. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданы
Приречный ауылының әкімі
С. Ходзинский

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігінің

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитеті Қостанай облысы

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Жітіқара аудандық

      қоғамдық денсаулық сақтау

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндет атқарушысы

      ____________________ Ю. Мокшев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Жітіқара

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ Т. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ Т. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады