2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қамысты ауданы Фрунзе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қамысты ауданы Фрунзе ауылы аумағында орналасқан, жалпы алаңы 1,38 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Фрунзе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | В. Лисенков |