2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қостанай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округі Надеждин ауылы аумағында орналасқан, жалпы көлемі 2,3367 гектар жер учаскесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғанынан кейін орналастыруын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауылдық округінің әкімі | Қ. Нүркешев |