"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қарасу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 01-21/171 ұсынысы негізінде Черняев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Черняев ауылдық округі Тучковка ауылының аумағында орналасқан "Кемел-Қарасу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы фермасының аумағында мүйізді ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Черняев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 13 мамырдағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8432 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Черняев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Айтбаев |