Әкімдіктің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 220 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 87 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 сәуірде № 8368 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8174 болып тіркелген) сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Таран ауданы әкімдігінің "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 220 қаулысына (2015 жылғы 15 қазанда "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында 41, 42, 43 реттік нөмірлері, жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

41.

Әйет ауылы

"Таран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд

42.

Әйет ауылы

Тәуелсіздік көшесіндегі стенд

43.

Әйет ауылы

Жабағы батыр көшесіндегі стенд

      ".

      2. "Таран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариалау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады