Әкімдіктің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 168 "Таран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 245 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қыркүйекте № 8655 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына, "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің "Таран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2018 жылғы 13 маусымдағы № 168 қаулысының (2018 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7934 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады