"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ұзынкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 14 маусымдағы қорытындысы негізінде Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұзынкөл ауылындағы құрамдас бөліктерді қайта атау:
1) 60 лет Октября көшесі Өркен көшесі;
2) 70 лет Октября көшесі Келісім көшесі;
3) Совхозная көшесі Самал көшесі;
4) Автомобилистов көшесі Тұлпар көшесі;
5) Медгородок көшесі Мерей көшесі;
6) Рабочая көшесі Шапағат көшесі;
7) Строительная көшесі Көктем көшесі;
8) Химиков көшесі Арай көшесі;
9) Набережная көшесі Хәкімжан Наурызбаев атындағы көше болып қайта аталсын.
2. "Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К. Нурмагамбетов |