Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес, Федоров ауданының Пешков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округі Пешков ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,0600 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Федоров ауданының Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет –ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Пешков ауылдық округінің әкімі |
Ә. Ержанов |