Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 25/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 ақпанда № 6249 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 176/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.08.2020 № 176/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 137/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Регион.kz" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында:

      "Суворов көшесі" сөздері "Малайсары батыр көшесі" сөздерімен; "Энергостроителей көшесі" сөздері "Академик Марденов бульвары" сөздерімен; "Абай көшесі, 72-үй" сөздері және сандары "Қабылбек Алин көшесі, 97-үй" сөздерімен және сандарымен; "Качиры бөлімі" сөздері "Тереңкөл бөлімі" сөздерімен; "Лебяжі бөлімі" сөздері "Аққулы бөлімі" сөздерімен; "Аққу" сөзі "Аққулы" сөзімен; "Амангелді көшесі, 69-үй" сөздері және сандары "Амангелді көшесі, 57-үй" сөздерімен және сандарымен; "Абылайхан көшесі, 34 а-үй" сөздері, сандары және әріпі "Қазбек би көшесі, 24-үй" сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын.

      2. "Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. М. Бегентаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады