Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысының аумағында қарантиндік режимді енгізе отырып, қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантинді аймақ белгіленсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы "Павлодар облысының аумағында қарантиндік режимді енгізуге байланысты жұпсыз жібек көбелегі мен қара қарағай мұртты қоңызы бойынша карантинді аймақ белгілеу туралы" № 357/12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4226 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Т. Нүкеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы "24" маусымдағы № 193/2 қаулысына қосымша |
Павлодар облысының аумағында қарантиндік режимді енгізе отырып,
қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантинді аймақтар
Облыстың қалалары мен аудандары | Ауылдық округ | Таратылу шекарасы | Алаңы, га |
1 | 2 | 3 | 4 |
Аққулы | Малыбай | Көкжал орманшылығы, 99 орам | 20 |
Аққулы | Шақа | Бірінші май орманшылығы, 73 орам | 10 |
Аудан бойынша барлығы: | 30 | ||
Шарбақты | Шалдай | Шошқалы орманшылығы, 118 орам | 10 |
Аудан бойынша барлығы: | 10 | ||
Облыс бойынша барлығы: | 40 |