Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы "Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 15 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормасы бекітілсін.
2. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ. Е. Жазылбекке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы "27" маусымдағы № 195/2 қаулысына қосымша |
Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар
үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормасы
Р/с № | Тұтынушылар санаты | Жылумен жабдықтаушы ұйымның атауы | Өлшем бірлігі | Мәні |
1 | Қазандықтан жылытылатын Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылында 1985 жылдан кейін салынған 3-4 қабатты үйлер санатының тұтынушылары | "Сапро-НАТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалорий айына 1 (бір) шаршы метрге | 0,033 (нөл бүтін мыңнан отыз үш) |