Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 501/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 6339 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 1490/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 23.09.2021 № 1490/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына, 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Занының 9-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін .

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. С. Нұрхановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Ә. Күмпекеев

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "2" мамырдағы
№ 501/1 қаулысына
қосымша

Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Павлодар қаласы
Кенжекөл ауылдық округінің жайылым айналымдарының схемасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады