Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 395/53 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 6477 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Коса беріліп отырған Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала құрылысы мен экология жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Оспанов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Мұқашева

  Павлодар қалалық
мәслихатының 2019
жылғы "28" маусымдағы
№ 395/53 шешімімен
бекітілді

Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі бойынша 2019 - 2020 жылдарға
арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      Осы Павлодар қаласының Кенжекөл ауылдық округі бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 173 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" № 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды.

      Жоспар:

      1) осы Жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Кенжекөл ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасы);

      2) осы Жоспардың 2-қосымшасына сәйкес Кенжекөл ауылдық округі аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;

      3) осы Жоспардың 3-қосымшасына сәйкес Кенжекөл ауылдық округі жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын;

      4) осы Жоспардың 4-қосымшасына сәйкес Кенжекөл ауылдық округі аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

      5) осы Жоспардың 5-қосымшасына сәйкес Кенжекөл ауылдық округі аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;

      6) осы Жоспардың 6-қосымшасына сәйкес Кенжекөл ауылдық округі аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын;

      7) осы Жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін қамтиды.

      Ауылдық округтің аумағы құрғақ даласы бетеге-селеулі белдем тармағына жатады. Дала өсімдігі басым болуы анықталды, оның негізгі түрлері: бетеге, селеулер, сұлыбас және шамалы даланың түрлі шөптерінің қатысуымен әртүрлі жусанның түрлері.

      Ауылдық округтің аумағында гидрографиялық торап нашар дамыған. Жайылымды суландыру табиғи төмендеуінен қамтамасыз етіледі – көлдерден. Судың сапасы әлсіз тұздылау, малдарды суару үшін жарамды.

      Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі – 8,8 центнер/гектарды құрайды.

      Жайылымдар жемдерінің қоры ұзақтығы 170-180 күн болатын жайылым кезеңінде пайдаланылады.

      Кенжекөл ауылдық округі Павлодар қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан, солтүстіктен және солтүстік-батыс жағынан Павлодар қаласымен, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс жағынан Павлодар ауданымен шектеседі.

      Әкімшілік-аумақтық бөлісу Кенжекөл, Байдала, Долгое ауылдарынан тұрады.

      Табиғи ауа райының жағдайлары бойынша Кенжекөл ауылдық округі күрт құбылмалы ауа райымен құрғақ далалық аймаққа жатады, олар үшін тән қасиет: көктем-жазғы мезгілінің құрғақшылы, жазғы жоғары және қысқы төмен ауа температурасы, жыл және жыл мезгілі бойынша жеткіліксіз және тұрақсыз атмосфералық жауын-шашын және бір жыл ішінде едәуір желдің жігерлігі.

      Ауылдық округтің жалпы жер қоры 11 358 гектар (бұдан әрі – га). Соның ішінде жайылымдар – 7 221 га.

      Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 2176 га;

      елдi мекендердiң жерлерi – 6 410 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 654 га;

      орман қорының жерлерi – 117 га;

      босалқы жерлер – 2001 га.

      Ауылдық округ аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны: 1 141 бас ірі қара мал, 2 910 бас ұсақ мал, 480 бас жылқы.

      Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша қалыптастырылған үйірлер, отарлар, табындар келесідей бөлінген:

      ірі қара мал 9 үйір;

      ұсақ мал 5 отар;

      жылқылар 3 табын.

      Жайылымдар ауданның табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты табиғи жайылымдарға жатады және көбінесе малды бағу үшін пайдаланылады. Ауылдық округтің аумағында екпе және аридтік жайылымдар жоқ.

      Жайылымдарды негізгі пайдаланушылар Кенжекөл ауылдық округінің тұрғындары болып табылады.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды.

      Кенжекөл ауылдық округінің аумағында қараталақ бойынша 1 стационарлық сәтсіз пункт және 1 үлгілік мал қорымы, 1 ветеринарлық пункт қызмет істейді.

      Кенжекөл ауылдық округінде малды айдап өтуге арналған сервитуттар белгіленбеген.

  Павлодар қаласы Кенжекөл
ауылдық округі бойынша
2019 - 2020 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің
меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Кенжекөл ауылдық
округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)


  Павлодар қаласы Кенжекөл
ауылдық округі бойынша
2019 - 2020 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
2-қосымша

Кенжекөл ауылдық округі аумағында жайылым
айналымдарының қолайлы схемалары


  Павлодар қаласы Кенжекөл
ауылдық округі бойынша
2019 - 2020 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
3-қосымша

Кенжекөл ауылдық округі жайылымдардың, оның ішінде
маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары,
жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы


  Павлодар қаласы Кенжекөл
ауылдық округі бойынша
2019 - 2020 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
4-қосымша

Кенжекөл ауылдық округі аумағында жайылым пайдаланушылардың
су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге,
тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына,
құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы


  Павлодар қаласы Кенжекөл
ауылдық округі бойынша
2019 - 2020 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
5-қосымша

Кенжекөл ауылдық округі аумағында жайылымы жоқ жекежәне (немесе) заңды
тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін
жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы


  Павлодар қаласы Кенжекөл
ауылдық округі бойынша
2019 - 2020 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
6-қосымша

Кенжекөл ауылдық округі аумағында ауылдық округ
маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және
(немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының
мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы


  Павлодар қаласы Кенжекөл
ауылдық округі бойынша
2019 - 2020 жылдарға
арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық
маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Р/с №

Ауылдық округтің атауы

Жайылымға малдардың айдап шығарылу мерзімі

Жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі

1

Кенжекөл ауылдық округі

Сәуірдің екінші жартысы

Қазанның екінші жартысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады