Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді анықтау туралы" № 1182/12 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 679/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 тамызда № 6498 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді анықтау туралы" № 1182/12 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6158 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Г. Ш. Кадырбаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі Н. Ашимбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады