Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Екібастұз қаласының ұйымдарында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ағымдағы жылғы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | Н. Ашимбетов |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "6" тамызы № 790/8 қаулысына қосымша |
Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы
азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындарының квотасы
Р/с № | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санының %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Богатырь Көмір" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 6577 | 1% | 66 |
2 | "Екібастұз ГРЭС - 2 станциясы" Акционерлік қоғамы | 1488 | 1% | 15 |
3 | "Булат Нұржанов атындағы "Екібастұз ГРЭС-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1405 | 1% | 14 |
4 | "Проммашкомплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 737 | 1% | 7 |
5 | "Промсервис-Отан" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 658 | 1% | 7 |
6 | "Астана ҚАЛА ҚҰРЫЛЫС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 354 | 1% | 4 |
7 | "Энергоуправление" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 237 | 1% | 2 |
8 | "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі "Горводоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 818 | 1% | 8 |
9 | "Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Атамұра" мәдениет орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 117 | 1% | 1 |
10 | "БЕРЕКЕ 2004" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 265 | 1% | 3 |