Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы "Беркат" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 6646 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің 2020 жылғы 7 ақпандағы № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің 07.02.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 18 қазандағы № 2-04/111 ұсынысы негізінде, Шиқылдақ ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара мал арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты, Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының "Беркат" шаруа қожалығының аумағында карантин белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Екібастұз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Шиқылдақ ауылының әкімі Г. Енсебаева
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Екібастұз
      қалалық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Жакенов
      2019 жылғы "22" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігінің Тауарлар мен
      көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
      Павлодар облысының тауарлар мен
      көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау
      департаментінің Екібастұз қалалық
      тауарлар мен көрсетілетін
      қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
      бақылау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы К. Токатов
      2019 жылғы "22" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Уразалимов
      2019 жылғы "22" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады