Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралыкандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 144 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 мамырда № 6386 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 22.09.2022 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 22.09.2022 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 22.09.2022 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды, сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайларды белгілеу туралы" № 198 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3920 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 тамызда "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Арынов
      "КЕЛIСIЛДI"
      Ақтоғай аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы Ю. Горбенко
      2019 жылғы "21" мамыр

  Ақтоғай ауданы
әкімдігінің 2019 жылғы
21 мамырдағы № 144
қаулысына қосымша

Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 24.01.2023 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№р/с

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

1

Ақтоғай ауылы

Алин көшесі 97, "Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Школьный тұйық көшесі, орталық базардың жанында

Максим Горький көшесі 86, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанында

Марденов көшесі 101, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанында

Мүткенов көшесі 12а, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ақтоғай ауданының бөлімі ғимаратының жанында

Махмет Қайырбаев көшесі 43, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Махмет Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

Шағын ауданы 28, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

2

Приреченск ауылы

22 Партсъезд көшесі 12, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның Приреченск ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

Ганауэра көшесі 2, "Хасан" дүкеннің жанында

3

Харьков ауылы

Советов көшесі 45, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Харьковка ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында

Советов көшесі 34, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Харьковка ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

4

Жоламан ауылы

Жастар көшесі 9, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның Жоламан ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

5

Ақжол ауылы

П.Драганов көшесі 2, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Ақжол ауылының ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанында

Мектеп көшесі 1, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Агрономия жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

П.Драганов және Мир көшелері қиылысы автобус аялдамасының жанында

6

Барлыбай ауылы

Мектеп көшесі 5, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Еңбекші негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Специалист көшесі 12, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның Барлыбай ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

7

Басқамыс ауылы

1 Май көшесі 8, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Баскамыс ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында

1 Май көшесі 5, кешенді блок-модульдің жанында

8

Жалаулы ауылы

Абай көшесі 22, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Жалаулы ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

9

Қарасу ауылы

Бірлік көшесі 16, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Жалаулы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

10

Балтасап ауылы

Жеңіс көшесі 15, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Балтасап ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

11

Шолақсор ауылы

Тәуелсіздік көшесі 18, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Шолақсор ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында

Болашақ көшесі 8, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Ақжол ауылының ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанында

12

Жолболды ауылы

Мұхтар Әуезов көшесі 50, "Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Мұхтар Әуезов көшесі 33, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Естай атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

13

Шұға ауылы

Орталық көшесі 14, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Шұға ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

14

Шілікті ауылы

Мектеп көшесі 3, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Шілікті негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

15

Қараоба ауылы

Советов көшесі 13, "Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Мектеп көшесі 13, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Қараоба ауылының ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанында

16

Жаңа-ауыл ауылы

Достық көшесі 9, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Жаңа-ауыл ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

17

Исантерек ауылы

Желтоқсан көшесі 2, кешенді блок-модульдің жанында

18

Әуелбек ауылы

Бейбітшілік көшесі 5, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Әуелбек ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында

Тәуелсіздік көшесі 14, автобус аялдамасының жанында

19

Өтес ауылы

Орталық көшесі 8а, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Өтес ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

20

Қожамжар ауылы

Астана көшесі 4, "Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Елубаев Сахабиден көшесі 13, Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Қожамжар ауылының ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанында

Ертіс көшесі 14, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

21

Қайран ауылы

Мектеп көшесі, 5, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Қайран ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

22

Жамбыл ауылы

Балбыр көшесі 4, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның Жамбыл ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

23

Қараой ауылы

Күбән көшесі 6, Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Қараой ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

24

Мүткенов ауылы

Шарапиденов көшесі 1А, "Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Астана көшесі 1А, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Мүткенов ауылының ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанында

Мүткенов көшесі 1, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Мүткенов ауылының дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанында

25

Жаңатап ауылы

Орталық көшесі 21/1, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Жанатап ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

26

Жаңабет ауылы

Мектеп көшесі 15, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Жанабет ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

27

Әбжан ауылы

Мектеп көшесі 7, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Әбжан ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "21" мамырдағы
№ 144 қаулысына
2-қосымша

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайлар

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 22.09.2022 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады