Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 247/50 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 шілдеде № 6466 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 2 және Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 303/27 "Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешімінің негізінде Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Дисенова
      Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Ташенев

  Ақтоғай аудандық
мәслихатының 2019 жылғы 27
маусымдағы № 247/50 шешіміне
қосымша

Ақтоғай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 138/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3987 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қыркүйекте "Ауыл тынысы", "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған).

      2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 147/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3988 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қыркүйекте "Ауыл тынысы", "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған).

      3. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 144/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қыркүйекте "Ауыл тынысы", "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады